АЛТЫН САПА АЛҒАШ РЕТ IT САЛАСЫНА БЕРІЛДІ

АЛТЫН САПА АЛҒАШ РЕТ IT САЛАСЫНА БЕРІЛДІ

12 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Президентінің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары марапатталады. Үш санат бойынша төрт номинацияда жеңіске жету үшін отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуші үздік компаиялар сайысқа түсті. Биылғы жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ақтық сайысқа шыққан 27 үміткердің арасынан (барлығы 221 компания өтінім берді) бас жүлдеге MED365 компаниясы ие болды,-деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі.  «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыс етуге арналған салтанатты жиында сөз алған Президентіміз: «Қазақстанда жасалған» деген таңба ең мықты сапаның, ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс.  «Алтын сапа» байқауының басты мақсаты – осы.» дей келе. Елімізде IT секторы қарқынды дамуда. Озық мемлекеттер экономикасындағы бұл саланың үлесі жыл сайын ұлғайып келеді. Былтыр отандық IT индустрия экспорты бес есе өсті. Мен оның көлемін 2026 жылға қарай бір миллиард долларға жеткізу міндетін жүктедім. Біз ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән береміз. Бірақ босаңсуға, жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Еліміз жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайтуы керек. Қазақстан ірі халықаралық IT компаниялардың кеңселері орналасатын аумақ бола алады және болуға тиіс,» – деді Мемлекет басшысы.

Орайы келгенде осы Стартап – Қазақстан тарихындағы ең жоғары марапат «Алтын сапа» сыйлығына ие болған алғашқы IT компания атанғанын да біле отырыңыздар. 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес берілетін "Алтын сапа" сыйлығы он жеті жылда алғашқы рет IT- компанияға берілді. Ол еліміздегі MedTech индустрияның дамуына зор үлес қосып, автоматтандырылған медициналық құрал – жабдықтар шығарып, оны өте сәтті тәжірибеден өткізіп, алыс - жақын шел елдердің де назарларын өздеріне аударып үлгерген MED 365 ЖШС. 

Сайдың тасындай жас таланттар мен жаңа көзқарас, зор жігер мол білім иелері бас қосқан орта кәсіпкерлік субектісінің бұл бес жылдан бергі белсенді іскерліктерінің жемісі. 

Бүгінде бас құрылтайшы Ш.Құлахметов 2018 жылы MED 365 стартап жобасын іске қосқан болатын.

Шыңғыс қазақ әдебиетіндегі орыны орасан тұлға, даңқты жерлесіміз, белгілі қаламгер Ғабиден Құлахметовтың ұлы екенін де біле жүріңіздер. Дарынды жас басшылық ететін жігіттер алғашқы кезекте тонометр, термометр, алкотестер және пупиллометрмен (қарашықтың енін өлшейтін құрылғы) жабдықталған автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесін (АСМО), жасап шығарды. Бұл құрылғы 1 минут ішінде кәсіпорындардағы жұмысшыларды ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік береді. Содан кейін алынған деректерді талдауға және денсаулығына қауіп төніп тұрған қызметкерлерді анықтауға арналған бағдарламалық жасақтама пайда болды. Қазір стартапшылар тобы телемедицина мен биотелеметрия бағытын дамытуда.

         Бұл талмай еңбектену мен табандап жұмыс істеудің нәтижесі. Оларға қарап тұрсақ Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы» стратегеиялық жобасы көз алдымызға келеді. Армандары Алтайдай биік, мақсаттары Мұзтаудай мөлдір жігерлі жігіттердің келешегінен көп үміт күтуге болады. Білімдері толысып, біліктіліктері шыңдалған азаматтардың айтары мол, қолға алған бастамаларының тағылымы зор. 

MED 365 компаниясының негізін қалаушы, құрылтайшы Шыңғыс Зейнел-Ғабиденұлы Құлахметов пен компанияның қазіргі бас директоры Арман Баймұханов әмбебап медициналық құрлығы халықаралық деңгейдегі нарыққа да қанат қағып сәтті қадамдарымен қуантуда дейді. 

IT, медициналық жабдықтар өндірісімен айналысатын компанияда бүгінде елу адам еңбек етуде. Орайы келгенде заман талабы, қоғамның нағыз қажеттілігіне сәйкес жоба аясында еңбек етіп жатқан топ Алматы қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2022», «Қазақстанның үздік тауары – 2023» сыйлықтарымен марапатталғанын да айтып өткен жөн. Сондай-ақ, ең мықты жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар және тауарөндірушілер бақ сынайтын алтын сапа байқауының өткен жылғы қортындысында MED 365 компаниясы «Іскер» атты арнайы сыйлығымен марапатталған болатын. 

MED 365 еңбегі мен есімі мемлекетімізде танымалдыққа ие болып қалған компания. Стартап халықаралық нарықтарда, атап айтқанда MENA және АҚШ елдерінде алға жылжудың алғашқы қадамдарын да сәтті бастап үлгерген.

Жарқын жетістікке қол жеткізген жалында жастардан құралған компанияға әлемдік нарықтағы үздіктердің үздігі бола беріңдер деген тілектестік білдіреміз. 


#Президент РК, #награда, #Алтын сапа