Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Президент РК 1 587 просмотровabaidan.kz

Касым-Жомарт Токаев поздравил олимпийского чемпиона Эльдоса Сметова

Касым-Жомарт Токаев поздравил олимпийского чемпиона Эльдоса Сметова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. 

– Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

Айта кетейік, бүгін қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидзеден (Франция) басым түсіп, Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы Олимпиада алтынын олжалады.