Мемлекет басшысы Ұлттық қор туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Ұлттық қор туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін хабарланғандай, Сенаттың жалпы отырысында «Ұлттық қордан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңы мақұлданды.

Құжат Бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Бұл ретте, кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған.

Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41–39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды.

Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ долларын, 2026-2027 жылдары 69,9 – 78,7 млрд АҚШ долларын құрайды.

Сонымен қатар Мәжіліс Ұлттық қордан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қабылданды.


#Президент РК