Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, облыс әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты. Жиынға Абай облысының өкілдері де қатысты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Отырыста атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындылары мен қылмысқа, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа, интернет алаяқтыққа қарсы күрес және оның алдын алу шаралары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.


#право, #Абайская область, #Президент РК