Президент 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00–ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылатыны хабарланды.