Президент Дональд Трампты құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайтынын білдірген болатын..
Коллаж: Kazinform/ akorda.kz/ wikipedia
#Президент РК, #Казахстан, #США