Президент шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды

Президент шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Құжатта өңірлердің ерекшелігі мен кәсіпкерлерді нақты қолдау тетіктері қарастырылуға тиіс.

 Жергілікті өнімге, білім мен заманауи технологияға басымдық беру айтарлықтай нәтиже әкелетінін тәжірибе көрсетті. Мысал ретінде Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және «Атамекен» ұлттық палатасының қолдауымен жүзеге асқан «Бір ауыл — бір өнім» жобасын келтіруге болады. Ауыл-аймақтардан осындай ақылға қонымды өтініштер мен ұсыныстар жиі түседі, — деді ол.

Мемлекет басшысы Үкімет ортақ жауапкершілік қағидатына сай мемлекет пен бизнестің тиімді қарым-қатынас жасауына жан-жақты ықпал етуі керек екенін айтты.

 Мәселен, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастаманы айтуға болады. Неге екенін қайдам, қанша жыл өтсе де осы шаруаны Үкімет те, бизнес те қолға алмаған. Әйтсе де шағын бизнес бұл кәсіппен айналысуға ниетті.

Үкімет ортақ жауапкершілік қағидатына сай мемлекет пен бизнестің тиімді қарым-қатынас жасауына жан-жақты ықпал етуі керек. Бұл ауылдар мен шағын қалалардың дамуына тың серпін береді, — деді Тоқваев.

Айта кетелік Биыл «Бәйтерек» холдингі арқылы ШОБ-ты қолдау көлемі шамамен екі трлн теңгеге жетті. 

kaz.inform.kz


#Президент РК, #малый и средний бизнес