Президент тапсырмаларын іске асыру: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

Президент тапсырмаларын іске асыру: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті.

Жоспар 8 бағыттан тұрады және 100 негізгі іс-шараны қамтиды. Онда аталмыш жылды ұйымдастырушылық сүйемелдеу, стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету, AI-SANA бастамасы аясында адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру сияқты цифрлық экономиканың кең ауқымды міндеттері қамтылады. Сонымен қатар киберқауіпсіздікке, цифрлық инфрақұрылымға, салаларды цифрландыруға, қалалар мен өңірлерді кешенді дамытуға және жаңа экономиканы қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

 Жылдың ресми ашылуы наурыз айында Alem.AI алаңында өтеді.

 Стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету

Бұл бағытта «Digital Qazaqstan» стратегиясын әзірлеу, отандық IT-компанияларға салықтық және реттеушілік ынталандыру шараларын қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект, деректер, киберқауіпсіздік, телекоммуникация және цифрлық активтер салалары бойынша негізгі заңнамалық бастамалардың кемінде 90%-ын қабылдау жоспарланған.

Адами капиталды дамыту

AI-SANA бастамасы аясында ЖИ-білім беруді мектептерде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ ересектерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларында кеңінен енгізу көзделген.

Орта білім беру деңгейінде Day of AI Qazaqstan бастамасы мен TUMOорталықтарын ашу пысықталуда. Жалпы алғанда, цифрлық және ЖИ-дағдыларды дамыту бағдарламаларымен білім беру саласының барлық сатыларындағы кемінде 450 мың оқушы мен оқытушы қамтылатын болады.

 ЖИ-мамандарын дайындау үшін биыл AI University жобасының алғашқы кезеңі іске қосылып, өңірлерде Tomorrow Schoolжасанды интеллект мектебі кеңейтіледі. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған «AI Governance 500» бағдарламасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілерге арналған AI Qyzmet бағдарламасы жалғасады және компания қызметкерлері ЖИ көмегімен жұмыстарын жеңілдететін бизнеске арналған жаңа AI Corporate бағдарламасы іске қосылады.

GovTech: мемлекеттік басқарудың цифрлық моделі

Мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру аясында цифрлық жұмыс орнына баса назар аударылып, eGov және eGov business мүмкіндіктерін кеңейту, Әлеуметтік әмиян қызметтерін дамыту және Ұлттық ЖИ платформасында ЖИ шешімдерін енгізу жоспарланған.

 Нәтижесінде:

  • мемлекеттік қызметшілердің кемінде 80%-ы Gov Workspace бірыңғай цифрлық жұмыс орнымен қамтылады;
  • кемінде 50 мемлекеттік қызмет ЖИ қолдану арқылы көрсетіледі;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелердің кемінде 30%-ы QazTech платформасына көшіріледі.

Сонымен қатар пойыздарда, ұшақтарда, туристік аймақтарда және шекара инфрақұрылымы нысандарында интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Заманауи Direct to Cell спутниктік байланысы іске қосылады. Бұл азаматтар мен бизнеске көрсетілетін цифрлық қызмет сапасын кемінде 75%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Киберқауіпсіздік және цифрлық инфрақұрылым

Бұл бағытта ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай контурын нығайту, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне кибераудит жүргізу, осалдықтарды жою және дербес деректерді қорғау шараларын күшейту көзделген. Мемлекеттік жүйелерді жаңа мемлекеттік деректерді өңдеу орталығына көшіру басымдыққа ие.

Салаларды цифрландыру

Экономиканың негізгі драйверлері салаларында цифрлық шешімдер енгізіледі. Олардың қатарында басқару процестерін автоматтандыру, деректерді цифрландыру және Big Data қалыптастыру, ЖИ арқылы талдау, цифрлық егіздер жасау, IoT датчиктері мен дрондарды пайдалану және салықтық әкімшіліктің цифрлық моделі мен проактивін енгізу бар.

 Жоспарға сәйкес:

  • энергетика саласындағы басқару жүйелеріне ЖИ енгізіледі;
  • геологиялық ортаны біріңғай цифрландыру арқасында геологиялық деректердің кемінде 90%-ы цифрлық форматқа көшіріледі;
  • трансшекаралық сауда-логистика процестерінің толық цифрлық контуры іске қосылады;
  • ауыл шаруашылығы саласына ЖИ-бақылау енгізу арқасында өнімділіктің 10%-ға артуы мен ауылшаруашылық өнімдерінің «Егіндіктен, сату орындарына дейінгі» цифрлық қозғалысы қамтылатын болады;
  • құрылыс жобаларының кемінде 30%-ы бас цифрлық жобалар мен BIM-модельдеу арқылы жүзеге асырылады;
  • қаржы ұйымдарының кемінде 30%-ы мемлекеттік қызметтердің бірыңғай біріктірілген ортасына қосылады;
  • әлеуметтік-еңбек саласының негізгі процестерінің 90%-ы цифрлық форматқа өтеді.

Қалалар мен өңірлер

Қалалар мен өңірлерді кешенді цифрлық дамыту аясында ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады, автожолдар мобильді интернетпен қамтылады, 20  қалада 5G желісі дамытылады.

ХҚКО-лар Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселерінетрансформацияланады. Астанада Smart Cityжобасы іске қосылып, IT-хабтар кеңейтіледі.

Күтілетін нәтижелер:

  • азаматтардың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді;
  • 20 ірі қала 100% 5G желісімен қамтылады;
  • қалалық орта жайлылығы индексі жыл сайын кемінде 15%-ға өседі;
  • кемінде 20 ХҚКО өз өзіне қызмет көрсету секторлары бар цифрлық форматқа көшіріледі.

Жаңа экономика

Жаңа экономиканы қалыптастыру бағытында пилотсыз индустрияны дамыту және төмен биіктіктер экономикасын дамыту (ЭҚР аясында кемінде 5 пилоттық жобаны іске қосу), реттелетін криптоиндустрия мен цифрлық активтерді іске қосу, мемлекеттік майнинг жобаларын жүзеге асыру және отандық спутниктерді орбитаға және экспортқа шығару жоспарланған.


#Президент РК, #Поручения Президента