Президент жаңа Үкіметке қандай міндеттер жүктеді

Президент жаңа Үкіметке қандай міндеттер жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан жасақталатын Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді атады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі KAZINFORM сілтеме жасап. 

«Құрметті депутаттар, баршаңызға мәлім, бүгінгі Қазақстан — халықаралық қоғамдастықта абырой-беделі бар мемлекет. Бұл — еліміз үшін зор жетістік деп сеніммен айтуға болады. Шетел саясаткерлері және сарапшылары Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны және жалпы экономиканың көлемі бойынша көш бастап тұрғанын мойындайды», — деді Мемлекет басшысы.

Президент қазір Үкіметке босаңситын кез емес екенін еске салды.

«Бірақ біз еліміздің әлеуетін одан әрі арттырумыз керек. Бұл — алдымызда тұрған биік мақсат. Сондықтан босаңсуға болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін мұның бәрі жеткіліксіз екені анық. Қазақстанды озық елге айналдыруымыз керек. Бұл жай ұран емес. Бұл — біздің нақты жоспарымыз. Бізге керегі — дамудың сара жолы. Сондықтан түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде елеулі өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз керек. Ең бастысы, біздің бүкіл іс-әрекетіміз Әділетті Қазақстан құру қағидатына сай болуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберді.  

Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімін түсіндірді.  


#Президент РК, #Правительство