Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты

Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтқан. "Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли. Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүниеден озды. Ақпаратты экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растаған. 


#Президент РК, #Болат Назарбаев