Тоқаев жаңа үш заңға қол қойды

Тоқаев жаңа үш заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш заңға қолды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады abaidan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар мемлекет басшысы:

  • Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

#Закон, #Президент РК