Абай облысында үздік қолөнершілер анықталмақ

Абай облысында үздік қолөнершілер анықталмақ

Абай театрының ғимаратында бірінші облыстық «Асыл мұра» атты сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқау-фестивалі өтті. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы аталмыш шараны креативті индустриалды дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырды.

Сайыста білім ордаларының оқытушылары, 18 жастан асқан студенттер, кәсіби және әуесқой шеберлер бақ сынады. Үздіктер 7 аталымбойынша марапатталып, кіл жүйрікке «Жоғары шеберлігі мен жан-жақтылығы үшін» бас жүлде тағайындалмақ. Негізі жауынгерлердің сауыт-саймандары мен ұлттық әшекей бұйымдар жасаумен айналысатын қолөнер шебері Абылайхан Асылбай «Асыл мұра» байқауына 9 ай бойы жасаған 2000-ға жуық бөлшектен тұратын " Алтын адам "атты туындысын әкелгенін айтты.   

Театр фойесінде ұйымдастырылған көрме барша семейліктер назарына ұсынылды.


#Семей, #Абайская область, #Фестиваль