Абай облысының құрылғанына бір жыл толды

Абай облысының құрылғанына бір жыл толды

Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай Семейдегі Арбатта қолөнершілер, шеберлер мен суретшілер алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қолөнершілерді қолдап, оларға өңірдің шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Аталған шара қолөнершілер мен суретшілердің еңбегін бағалауға, қазақ халық оркестрін насихаттауға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасалған.

photo

Шығармашылық алаңның ашылу салтанатында бабадан қалған әндерді қаз қалпында нақышына келтіріп орындайтын «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі мерекелік бағдарлама ұсынды.

Ата-бабамыздан қалған және жаңа әдіспен жасалатын қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақ өткізілді.

photo

Шеберлердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына да мүмкіндік пайда болды.

Нұрлан Ұранхаев суретшілер мен қолөнершілер көрмесі аясында оларға қолдау білдіре отырып жергілікті суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Фарид Хасеновтың туындысын және Абайдың портретін сатып алды.

photo

Көрме жаз бойы жұмыс істейді.

photo
photo

#Семей, #Абайская область