«Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды

«Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жасаған жұмыс сапарының аясында бірнеше нысандарды аралап, бүгінгі жағдайымен танысты. Аймақ басшысы «Қарауыл-Архат» бағытындағы 10 шақырым кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мердігер – «Дерикар» ЖШС. Жұмысты 2024 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласының ашылу салтанатына қатысты.  Стелланы жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиев жасаған. Стелладағы алтын қыран Құнанбайдың мінезін, қайраткерлігін танытады. Сонымен қатар, стелла өлкеміздің байлығын, осында туып-өскен тұлғаларының ұлылығын білдіреді.

Айта кетейік, стелла  «Нұр Астық Kz» ЖШС демеушілігімен тұрғызылды.


#Абайская область, #Абай Кунанбаев, #Кунанбай Оскенбайулы