Эгей аймағының тағамдары - Алматыда
Түркияның Алматыдағы Бас консулдығы «Aurora» мейрамханасында Түрік асханасының апталығын өткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Нәзия Жоямергенқызына сілтеме жасап.
Шараның басты мақсаты – әлемдік гастрономияда өзіндік орны бар түрік тағамдарын насихаттау. Осы орайда, биыл таңдалған тақырып – Эгей асханасы. Түркияның Эгей теңізі аймағындағы тұрғындардың тағамдарды дайындауда ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі мен ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі Қазақ дастарқанында ұсынылды.
Түрік асханасы апталығының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түркияның Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ: «Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған мен жұбайы Емине Ердоғанның бастамасымен, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен, жыл сайын түрлі тақырыпта бүкіл әлемде Түркия асханасының апталығы өтеді. Бүгін біз қазақ достарымызбен Эгей аймағы асханасының дәмдерін татуға жиналдық», – деді.
Бас консулдың айтуынша, тағамдар арқылы Түркияға туризмін дамытуға ықпалы зор: «Түрік асханасы – өзіне тән мәдениетке ие әрі дүние жүізіндегі ең танымал асханалардың бірі. Түрлі дәмдері арқылы елді насихаттауға болады. Мысалы, «Эгей асханасы» дегенде адамдардың санасында «Эгей аймағында қандай қалалар бар екен?» деген сұрақ туындайды. Сол арқылы Измир, Бодрум, Бұрса, Балыкесир, Маниса, Чанаккале т.б. қалаларды көруге деген қызығушылығы оянады. Демек, ұлттық тағамдар мен туризм бір-бірімен тығыз байланысты.
Алматылықтар 2 маусымға дейін «Aurora» мейрамханасында Эгей асханасына арналған менюдан дәм таңдау арқылы Türk Hava yolları әуекомпаниясының Түркияға тегін жолдамасын ұтып алуға мүмкіндігі бар.
#turkmutfagi #türkmutfağı #tga #turizm #gotürkiye #egemutfağı
www.gotürkiye.com
www.tga.gov.tr
#Турция, #Алматы, #фондтюркоязычныхжурналистов, #Назия Жоямергенкызы