«Ең әдемi келiншек»: «ADAL AS» компаниясының ұжымы театрда болды

«Ең әдемi келiншек»: «ADAL AS» компаниясының ұжымы театрда болды

Семей жұртшылығы 8 – наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай, белгiлi жазушы Сұлтанәлi Балғабаевтың «Ең әдемi келiншек» пьесасын тамашалады. Отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасының рөлін, оның маңыздылығы мен бірегейлігін түсіну мақсатындағы қойылымды көпшілікке «Дариға - ай» жастар театры ұсынды.

Сұлтанәлі Балғабаевтың әйелдер психологиясына арналған лирикалық драмасы - әдемі келіншектің мұңға толы тағдырының бір ғана сәтін суреттейді. Автор спектакльде бүгінгі қоғамда орын алып жатқан отбасылық кикілжіңді, дау жанжал, тұрақсыздықты, әйелдердің басындағы ауыр жағдайды суреттеу арқылы қалың көрерменге ой салады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар бір- бірінің адамгершілік қасиеттерін бағалап, жанұя бірлігіне аса мән беру қажеттігі айтылады. 

Спектакльді Ұлттық өнім өндірумен айналысатын елімізге кеңінен танымал «ADAL AS» компаниясының ұжымы ұйымшылдықпен барып, тамашалады.                                 

Мұндай ұжымдық іс шаралар жиі ұйымдастырып тұрады.Егер адам күнделікті өмірінде көп еңбек етсе, өз ісіне барынша жауапкершілікпен қарайтын болса, онда ол өзінің демалысын да лайықты түрде бағалай біледі. Еңбек ету мен демалу бір-бірімен тығыз байланысты, себебі адал еңбек адамның қажетін, тынығу мен демалуға да мүмкіндік береді. Еңбектің нәтижесінде адам өзінің денсаулығын, көңіл күйін жақсартады, сонымен қатар, уақыты мен күшін дұрыс пайдаланудың арқасында көңілді демалысқа уақыт табады. Мұндай адам демалуды да саналы түрде, толыққанды әрі ұтымды пайдалануға дағдыланады. Бұл өз кезегінде адамның өмір сапасын арттыруға, шаршағанын жоюға, әрі жаңа күш-қуатпен жұмысқа оралуына көмектеседі.Өмірдің әр сәті маңызды, еңбек ету де, демалу да орнымен болу керек деп ойлаймын,-дейді компания директоры Раушан Мұқажанова.

Қойылым зор ықыласқа бөленіп, көрермендер қошеметіне ие болды.


#Семей, #Абайская область, #театр, #Адал Ас