Хабарландыру!
2026 жылдың 12 ақпанына жоспарланған Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы
«Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс шарасы құрметті қонақтар мен ресми өкілдердің жұмыс кестесіндегі өзгерістерге байланысты, сондай-ақ Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастырушы тарап ретінде қабылдаған шешіміне сәйкес кейінге шегерілді, -деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысының мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Осыған орай аталған айтыс Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын болады.
Айтыстың нақты өтетін күні мен уақыты қосымша хабарланады.
#Абайская область, #Айтыс, #культура