«Камызяки» әртістерінің Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды
Ресейлік «Камызяки» командасы Қазақстанға келмейтін болды. Бұл жайында ұйымдастырушылар ресми мәлімдеді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
VI Project продюсерлік орталығы «Камызяки» ұжымының 5-8 қазан аралығында Алматы мен Астанада өтуге тиіс концерті болмайтынын хабарлады.«Камызяки» ұжымы әртістерінің көпшілік алдында жасаған әрекеті жұртшылықтың наразылығын туғызып, бұл мәселе қоғамдық резонансқа айналды. Осыны ескере отырып VI Project және Live Event ұйымдастырушылар тобы «Камызяки» командасының Қазақстан бойынша бүкіл жеке концерттерін өткізбеу жөнінде шешім қабылдады» делінген орталықтың Instagram парақшасындағы ресми мәлімдемесінде.
Бил️еттерді қайтару мәселесі бойынша қай оператордан сатып алдыңыз, соларға хабарласқан жөн.
Айта кетейік, кешеден бастап Kino.kz және Tiketon платформаларында аталған әртістердің концертіне билет сату тоқтап қалған болатын.