«Қазақстан және отандастар: ортақ мұрат жолында» форумы өтеді

«Қазақстан және отандастар: ортақ мұрат жолында» форумы өтеді

Астана қаласында, қазанның 11-і күні "ОТАНДАСТАР ФОРУМЫ – 2023" өтеді. «Қазақстан және отандастар: ортақ мұрат жолында» тақырыбындағы форум «Rixos President Astana» қонақ үйінде ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Түркітілдес журналистер қорына сілтеме жасап, аbaidan.kz тілшісі хабарлайды. 

«Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз» ©️(ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев)

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке назарымда», – деген сөзі еліміздің шетелдегі отандастармен байланыстарының тиімділігін одан әрі арттыру қажеттігін білдіреді. Мемлекет басшысының месседжі аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстанда шетел қазақтарының «Отандастар Форумы» атты кезекті басқосуын ұйымдастырады.

Форум – шетелдегі этникалық қазақтармен өзара байланысты жетілдіру және оларды еліміздің тұрақты дамуына үлесін қосу жолдарын қарастыратын жаңа форматтағы басқосу алаңы.

Форумға шетелдегі 200-ге жуық қазақ ұйымдарының басшылары, белсенді және танымал тұлғалармен қатар, отандық ғылым, білім, мәдениет, спорт, бизнес, медиа, саясат, қоғамдық ұйымдар және басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлерінің қатысуы күтілуде.

Форумның мақсаты – шетелдегі қазақ ұйымдарымен өзара түрлі ынтымақтастық мәселелерін талқылау; еліміздің жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясатымен және саяси-экономикалық реформаларымен, сондай-ақ ұлттық руханиятқа қатысты заманауи трендтермен таныстыру; шетелдегі қазақтарды қолдауда Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты, шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда сапалы білім алу және өз қабілеттерін іске асыру, сондай-ақ елге көшіп келетін қандастарға мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары туралы ақпараттандыру.

Форум аясында «Ел дамуындағы қандастардың рөлі», «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері», «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері», «Медиа және заманауи трендтер» тақырыптары бойынша сессиялар және «Отандастар Қоры» КеАҚ жаңа жобалыр тұсаукесері мен «Тайқазан» форумныі қорытынды сессиясы өтеді.

Осы орайда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, журналистер қауымын «Отандастар Форумына» белсенді қатысуға шақырамыз.

«Отандастар» форумы  Бас серіктес – «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен өтуде. Форумның Титулды демеушісі –       «Sine Midas Stroy» құрылыс компаниясы; Демеуші: «Rixos President Astana» қонақ үйі; ЖШС «СHİ»;


#фондтюркоязычныхжурналистов, #Форум Отандастар - 2023