️Мұхтар Әуезов ұрпақтары Абай елінде бас қосты

️Мұхтар Әуезов ұрпақтары Абай елінде бас қосты

28 қыркүйек - қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туған күнінде Абай еліне оның ұрпақтары тағзым етіп келді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, осы шара аясында жазушының ұрпағы, әдениеттанушы ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуездің 80 жылдық мерейтойы да атап өттілді.

Абай еліне арнайы келген М.Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Мұратқызы, «Әуезов үйінің» директоры Диар Асқарұлы Қонаев, қазақтың тұңғыш орнитолог ғалымы Ернар Әуезовтің қызы Лола Әуезова, Әуездiң iнiсi Самарханның немересі Қанат Разақов, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, ҚР Ұлттық кітапханасының өкілі Сандуғаш Жауынбаева зиялы қауым өкілдері және жастарымен кездесті. Жазушының ұрпақтары, Абай облысы әкімі Н.Ұранхаев және зиялы қауым өкілдері Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. Шара барысында Фатима Ғабитованың «Өртеңде өнген гүл», Мұрат Мұхтарұлының «Қазақ рухы» кітаптарының тұсауы кесілді.

Белгілі ғалым, филолог Арап Сләмұлы кітаптардың мазмұнына, құндылығына тоқталды. Өз кезегінде баспагер Рақымғали Құл-Мұхаммед педагогикалық колледж ұжымына 150 дана кітап сыйға тартты.


#Семей, #Абайская область