Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Культура 1 080 просмотровabaidan.kz

Праздник Масленицы отметили в Семипалатинске

Семейде Масленица мейрамы аталып өтілді

Праздник Масленицы отметили в Семипалатинске

Семейліктер Ертіс өзенің жағалауында ежелгі  мерекелердің бірі - Масленица мейрамын атап өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Ертіс жағалауында мерекелік концертпен қатар, тәттілер, нан-тоқаш өнімдері, қолөнер бұйымдарын сату жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қалалықтар арасында түрлі ойындар ойнатылып, мерекелік концерт қойылды.

Праздник Масленицы отметили в Семипалатинске



Салтанатты шараны ашқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев Шаңырақ күнімен қатар келген мерекенің терең символизмін атап өтті.

-Мерекенің Наурызнаманың онкүндігімен сәйкес келгендігі өте символдық мәнге ие. Бұл қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігін, көпмәдениетті қоғамымызды тағы да көрсетеді, - деді басқарма басшысы.

«Ахау Семей» Қазақ орталығының жетекшісі Гүлжихан Жұматаева Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың үлкен мерекелерді бірге атап өтуге дағдыланғанын атап өтті. 

Праздник Масленицы отметили в Семипалатинске

Масленица мейрамы қыстың аяқталып, көктемнің бастау алғанын білдіретін сабаннан өрілген тұлып өртенгенге дейін жалғасты.