«ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өтті

«ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өтті

«НАУРЫЗНАМА» онкүндігі аясында ұлттық киімді танымал ету мақсатында «ҰЛТТЫҚ STYLE» сән көрсетілімі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысы бойынша шығармашылық, эстетикалық және сән дамуының озық мектебі саналатын – «BRILLIANT MODELS» мектебімен бірлесіп өткізілді. 

Сән көрсетілімі «Djarguns» тобының күйімен ашылып, үш топтама ұсынылды. «Руна - Құралма» топтамасы - дизайнер Жұлдыз Сәрсембаеваның бренді сөзсіз көпшілікті таң қалдырды. Айгерім Марқашқызы Құлыншақ есімді дизайнердің киімдері көптің арасынан ерекше көрінді. Бұл топтамада балалар сән стилі басшылыққа алынды. Жанна Баймұратова бренді «ЭТНОСТИЛЬГЕ» сай киімдер топтамасын ұсынды. 

Сонымен қатар, бірқатар қолөнершілердің үздік жұмыстары да ұсынылды. 


#Абайская область