Ұлы ойшылдың рухын жаңғыртқан әдеби-сазды кеш өтті

Ұлы ойшылдың рухын жаңғыртқан әдеби-сазды кеш өтті

Абай театрында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды танымдық кеш өтті . Кешке қала тұрғындары мен қонақтары ерекше ықыласпен жиналды.

Шара барысында көрермендерге Абайдың рухани мұрасы мен терең философиялық ойлары дәстүрлі өнер арқылы ұсынылды. Сахнада қазақтың дәстүрлі ән өнерінің майталмандары өнер көрсетіп, Абай шығармаларын ән мен күй арқылы жеткізді.

Кешке ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазиев, мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев пен Еркін Шүкіман, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева және Гүлмира Сарина сынды танымал тұлғалар қатысып, көрермендерді рухани байытып, ерекше әсерге бөледі.


#Семей, #Абайская область, #культура, #180-летие Великого Абая