Үржарда Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Үржарда Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Мерейтой аясында Үржар аудандық мәдениет үйінде «Дәуірдің дарабоз жазушысы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын барысында Қабдеш Жұмаділовтің ұлт тарихын, қазақтың тағдырын, азаттық рухын көркем сөзбен өрнектеген бірегей тұлға екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, көрермен назарына жазушының бай шығармашылығына арналған, заманауи QR-кодтармен жабдықталған арнайы кітап көрмесі ұсынылды.

Мұндай игі шаралар ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың есімін ұлықтап қана қоймай, олардың өнегелі өмір жолы мен бай мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттауға қызмет ететіні сөзсіз. Ұлттың ұлы тұлғаларына көрсетілген құрмет – тарихқа тағзым, болашаққа аманат. Қабдеш Жұмаділовтің жарқын бейнесі мен мол мұрасы халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталып, келер ұрпаққа рухани бағдар болып қала береді.


#Урджарский район, #культура