Жидебай-Бөрілі музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылады

Жидебай-Бөрілі музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 3 шілде күні сағат 11:00 де Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» аттыкөрменің ашылу салтанаты өтеді.

Көрменің мақсаты – қазақ халқының ұлттық болмысын айқындайтын қасиетті домбыраның тарихы мен рухани құндылығын насихаттау, дәстүрлі күй өнерін дәріптеу және ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа таныту.

Көрмеге А.Құнанбайұлының тұмар домбырасы, Ш.Әбенұлының, А.Шәкәрімұлының, М.Ешекеевтің, Б.Сыбановтың, А.Ахметжановтың, Н.Иманбаевтың, С.Назарханның және Абай музейінің 50 жылдығына арнайы жасалған Керекудегі «Әдебиет және өнер» музейінің, Қазақконцерт ұйымының, Қостанай қаласы Абай атындағы мектептің сыйға берілген домбыралары мен Абайдың музыкалық мұрасы, музыкалық аспаптарға қатысты ғалымдардың кітаптары қойылады.

Шараға Абай облысы, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысады.


#Жидебай, #Министерство культуры и информации РК, #домбыра