Мәжіліс депутаты Абай облысында болды
Абай облысы бойынша бірмандатты округтен сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,"AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Абай облысында болды.
Депутат жаңадан құрылған Мақаншы, Жаңасемей аудандары мен Үржар, Аягөз, Ақсуат, Көкпекті, Бородулиха аудандарының елді-мекендерінде және Курчатов, Семей қалаларында тұрғындармен кездесті. Жиында тұрғындар тарапынан ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, ауыз су, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй, дәрігерлік амбулаторияларды жөндеу, медициналық қызметті жақсарту, жайылым және өзге мәселелер көтерілді.
Мәжілісмен сапары аясында елді мекендердегі бірқатар нысандарды аралады.
Нұртай Сабильянов мәселелерді тиісті орындарға жеткізіп, назарда ұстайтынын айтты.
#Абайская область, #мажилис, #депутат, #Нуртай Сабильянов