Мәжіліс: Медициналық көмек көрсететін дәрігерлерді заңмен қорғау қажет
Қоғамдағы қауіпсіздік мәселесі, құқықтық тәртіп мәжілісте көтерілді. "AMANAT" партиясы Фракциясы депутаттары атынан Фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа Қарағанды облысындағы жағдай бойынша депутаттық сауал жолдады.
- Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған Дәкебаевты тез арада табуы тиіс. Оған қатысты сотты ашық жүргізіп, қатаң жаза тағайындау және оның барысы мен қорытындысы туралы БАҚ арқылы халықты түгел хабардар ету керек. Адамның жеке басына қауіп төндіретін, оның өмірін қиятын қылмыстар қоғамдық сипат алуда. Сондықтан, тез арада кез-келген қылмыстарға қоғамда мүлде төзбеушілік мәдениетін жаппай қалыптастыруымыз қажет.,-деді Мәжіліс депутаты.
Фото Мәжілістің ресми парақшасындағы депутаттың фотогалереясынан алынды.