Абай облысы: 15 күндік азық-түлік қоры бар
Абай облысы: 15 күндік азық-түлік қоры бар. Соңғы екі тәулікте (26-27 наурыз) күн райының күрт жылынып, сай-саладан сарқыраған су Ақсуат ауданындағы жергілікті маңыздағы Үштөбе—Қызылкесік автожолының 13 шақырымының тұсын бүлдіріп кетті. Бұл ақпаратты Ақсуат әкімдігі ресми растады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.
Суағарға сыймастан жол үстінен лап берген табиғаттың "тосын сыйынан" Қызылкесік — Үштөбе бағытындағы жол қатынасы уақытша тоқтатылды. Басты назар 747 адам тұратын Үштөбе ауылында. Жергілікті әкімдік мәліметінше, мұндағы 4 дүкендегі азық-түлік қоры 15 күнге жетеді. Қазір денсаулығына қатысты аудан орталығына баруға сұранып отырған жергілікті азаматтар жоқ. Төтенше жағдайдан 2 адам, 1 өрт сөндіру техникасы міндетті жұмыстарын атқаруда.
#Абайская область, #Ақсуатский район, #вода, #талая вода