Абай облысында ер адам құлдықтан босатылды
Абай облысында ер адам бірнеше апта бойы еңбек құлдығында болған, деп хабарлайды abaidan.kz. Бұл туралы полицияға 1973 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ағасы жоғалып кеткенін мәлімдеп, әйел адам хабарласқан. "Ақпаратты тексеру барысында облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның телефонын алдап алып, өзін еңбегін пайдалану мақсатында Семейден 200 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығына алып кеткен екі азаматты ұстады", – делінген хабарламада. Ер адам үш апта бойы мәжбүрлі түрде үй шаруасына жегілген."Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша тіркелді", – делінген хабарламада.
#Семей, #Абайская область, #Полиция