Абай облысында жыл басынан жол-көлік оқиғаларынан 4 адам көз жұмған

Абай облысында жыл басынан жол-көлік оқиғаларынан 4 адам көз жұмған

Абай облысында жыл басынан жол-көлік оқиғаларынан 4 адам көз жұмған,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік жарақаттарымен және оның салдарымен күресу - ең өзекті мәселелердің бірі.  Адамдардың жолда жүргендегі бейқамдығы мен абайсыздығы салдарынан жарақатану, ересектер мен балалардың денсаулықтарынан айрылуының бірден бір себебі жолдағы немқұрайлылық пен жауапсыздық . Талдау көрсеткендей, автожолдарда белгіленген жылдамдық режимін сақтамау ауыр зардаптармен сипатталатын ЖКО-ның негізгі себептерінің бірі болып саналады. Алайда, көптеген жүргізушілер мас күйде көлігінің рульіне отырып, өздерінің қауіпсіздігі мен жолаушылардың өмірі үшін жауапкершілік туралы ойламайды. 

Жыл басынан бері Абай облысының аумағында 198 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 41 адам түрлі дене жарақатын алды.

Абай облысының полицейлері тұрғындардың жолдарда барынша мұқият болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 


#Абайская область, #Полиция