Ауа райына байланысты бірқатар автокөлік жолдары жабылды

Ауа райына байланысты бірқатар автокөлік жолдары жабылды

"ҚазАвтоЖол ҰК АҚ және "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ деректері бойынша Абай облысының аумағында ауа-райына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, бүйірлік жел) 7 учаске жабылды және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 2 учаскесінде қозғалыс шектелді, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 12 учаске жабылды,-деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соңғы 24 сағат ішінде Жарма ауданы Қалбатау ауылында және Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылында автомобиль жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автомобильдердің жинақталу проблемасы туындады. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ және Абай облысының ПД жол бастауымен үш бір реттік колонна өткізудің ұйымдастырылуының арқасында көлік құралдарының жаппай жиналуын болдырмауға жағдай жасалды. 

Департамент құтқарушылары мен ведомстволық бағынысты бөлімшелер жүргізген авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 7 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. 

Жарма ауданы мен Аягөз аудандарындағы автомобиль жолының жабық учаскелерінен 26 адам, оның ішінде 12 бала жылыту пункттеріне дейін жеткізілді. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының ТЖ департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды!


#Абайская область, #«Национальный центр качества дорожных активов»