Аягөз ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр
Аягөз өзені бойында орналасқан Аягөз қаласы, Мамырсу ауылы (Бозай елді мекені), Тарлаулы, Қопа ауылдық округтеріндегі жағдай тұрақты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Су деңгейін бақылауда ұстау үшін кезекшілік ұйымдастырылған.
Мамырсу ауылдық округі Бозай ауылына Аягөз өзені арқылы қатынасты ұйымдастыру үшін ЖҚЖ-3 құтқарушы, 1 бірлік техника, 1 қайық жұмылдырылған.
Сондай ақ, Аягөз қаласының Төлендин көшесіне жайылған еріген қарсуын өзен арнасына арнайы техникалармен (1-носонай станция на базе КАМАЗ, 2-прицепной мотопомпа) лақтыру жұмыстары жалғасуда.
Қызылсуды бұру және бөгетті күшейтуге, аудан орталығындағы Төлендин, Радионов және Шыңғожа батыр көшелерінен суды шығаруға ДЭУ-25 мекемесінен 14 бірлік техника (10 камаз, 1 экскаватор, 1 грейдер, 2 погрузчик) жұмылдырылып, көшелерге топырақ төселіп жатыр.
#Абайская область, #Аягоз, #ДЧС, #талая вода