"Аягөз-Таскескен" бағытындағы жолды ашу жұмысы жалғасуда

«Алматы - Талдықорған - Өскемен” тас жолының "Аягөз-Таскескен" бағытындағы жолды ашу жұмысы жалғасуда,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Кеше түнде аталған учаскеде боран кезінде жолға шыққан 100-ге жуық жүк көлігі мен 80 жеңіл көлік тұрып қалған еді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 43 жүк көлігі мен 30 жүк көлігі қар құрсауынан босап, Үржар ауданына жолға шыққан. Аягөз қаласына 4 жолаушылар автобусы жеткізілген. Барлығы 124 адам, оның ішінде 11 бала жылыту пунктіне орналастырылған.  Барлық құрылымдардың күшімен 133 жеңіл автокөлік, 144 адам (16 бала) қар құрсауынан шығарылған. Эвакуация жұмысы жалғасуда.  “ҚазАвтожол” ұлттық компаниясының хабарлауынша, Таскескен ауылы жағында 90 жүк, 40 жеңіл көлік, 4 автобус, Аягөз ауданы жағында 120-дан астам көлік жолдың ашылуын күтіп тұр. Қазіргі уақытта“ҚазАвтожол” ұлттық компаниясының 20-ға жуық техникасы жолды қардан тазалауға жұмылдырылған. 

Бұдан бөлек Төтенше жағдайлар департаментінің 10-ға жуық техникасы мен 29 адам құтқару жұмысын жалғастыруда. Аягөз қаласы, Үржар, Жарма аудандарынан қосымша техника мен жеке құрам жіберілген.


#Абайская область, #дорога, #КазАвтоЖол, #уборка снега