Бородулиха ауданына қарасты орманшылықтан өрт шықты
Бородулиха ауданына қарасты орманшылықтан өрт шықт. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады,-деп хабарлайды abaidan.kz.
Бородулиха ауылының аумағындағы 15 шақырым жердегі "Семей Орманы" резерватының Бородулиха филиалының (Дмитриевское орманшылығы, 148 кварталында) (қарағай) екпелерінің жанғаны туралы ақпарат түскен. Ол жер өтуі қиын сулы-батпақты жер. "Семей Орманы" орманшылығы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 11 адам, 7 техника және ТЖД 36 адам мен 9 техника жұмылдырылған. Өрттің аумағы анықталуда.
Абай облысындағы табиғи өрт туралы ақпарат
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, орман өртін «Семей орманы» МОТР Бородулиха филиалы Дмитрев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы анықтаған. Семей қаласынан қосымша Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 21 адам және 6 бірлік техника жіберілген.
Өрт сағат 15.04-те алдын ала 0,22 га аумақта оқшауланды.
#пожар, #Абайская область, #ДЧС, #Бородулихинский район