Қарағанды облысындағы әлеуметтік мекемеде балалар уланып қалды: бір бала қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде
Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында улану салдарынан бір бала қайтыс болып, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап, аұпараттық агенттік тілшісі 2 хабарлады.
Хабарламада 30 шілдеде екі баланың өзін нашар сезінгені: құсу және нәжістері босап шыққаны айтылған. Осы мекеменің тағы 10 баласы келесі күні (31 шілде) осындай белгілермен ауруханаға жатқызылды.
"Дәрігерлер қанша тырысқанымен бір баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгінде алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында".Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аурухананы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аралағаны да айтылды. Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді.
Сонымен қатар, оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. "Қылмыстық іс қозғалып, Қарағанды облысы бойынша арнайы прокурорлар басқармасына жіберілді. Ермағанбет Бөлекпаев тергеу барысында жауапты тұлғалар анықталып, заң шеңберінде жазаланатынын атап өтті".Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі