Көкпекті ауданында ТЖ режимі тоқтатылмады

Көкпекті ауданында ТЖ режимі тоқтатылмады

Аудандық метеостанцияның мәліметі бойынша қар жамылғысының биіктігі 95 см. құрайды. Таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі 1,5 м және кейбір елді-мекендерде (Биғаш ауылына апарар жол «Қаракезең» аумағында 3-4 м дейін) шамасында,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолы, облыстық маңызы бар «Көкпекті-Васильев өткелі» және аудандық маңызы бар «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы», «Преображенка-Теректі -Шұғылбай» және «Көкпекті-Биғаш», «Көкпекті-Ақтас-Толағай» ауылдары арасындағы жолдары толықтай қардан тазартылды. Қазіргі таңда, Көкпекті-Ұзынбұлақ, Ажа ауылына кіре беріс және Биғаш-Егінбұлақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары қардан ашылып жатыр. 

Аталған жол учаскелерінде 14 техника және 22 адам жұмыс істеуде. Ауданда жолда қалған жолаушыларды орналастыру үшін эвакуациялық пункттер толықтай дайын.


#Абайская область, #Прогноз погоды, #Кокпектинский район