Көкпекті ауданындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынымен күресу мақсатында ауыр техника жұмылдырылды

Көкпекті ауданындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынымен күресу мақсатында ауыр техника жұмылдырылды

Ажа ауылында еріген қар суына тосқауыл қою мақсатында эксковатормен 2 шақырым жолға бөгеу жұмыстары жасалды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жұмыстарға 3 бірлік техника, 12 адам жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта Ажа ауылына су басу қаупі жоқ. Аталған орында кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақылауда.


#Абайская область, #ДЧС, #Кокпектинский район, #паводки