Қолайсыз ауа райына байланысты өңірде бірнеше жол жабылды

Қолайсыз ауа райына байланысты өңірде бірнеше жол жабылды

19 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты  көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы QazAvtoJol сайтына сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі хабарлайды. "2024 жылғы 19 ақпандағы сағат 05.00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар 61 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада. Абай облысы -бойынша, жалпы ұзындығы 1314 км 5 автожол (қар, боран, жел ) 1."Омбы-Майқапшағай" - Павлодар облысы-Қалбатау ауылы (дизельді қозғалтқыштармен жарақтандырылғанқоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін) Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық көлік түрі үшін), Бұғаз ауылы - Шығыс Қазақстан облысы (дизельдіқозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін); 2. "Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз"- Аягөз қаласы - Бұғаз ауылы; 3. "Алматы - Өскемен" - Жетісуоблысы - Шығыс Қазақстан облысы; 4. "Таскескен-Бақты" - Таскескен ауылы - Үржар ауылы; 5. "Өскемен - Семей" - Семей қаласы - Шығыс Қазақстан облысы. 


#Абайская область, #Прогноз погоды