Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл. Қазақстандық офицерлердің жағдайы қалай?

Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл. Қазақстандық офицерлердің жағдайы қалай?

Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына негізгі қақпаны танкпен қиратып басып кіріп, 15 сарбаз жараланған. ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агентті  Tengrinews.kz  сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлер - үш штабтық офицер штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Жағдайдың шиеленісуі олар қызмет ететін орыннан алыста екені айтылды.

"Жағдай шиеленіскен жағдайда қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығы және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста", - деді ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.

Еске салайық, бұған дейін Израиль армиясы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік базасына басып кірген кезде кем дегенде 15 адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын.й


#военный, #Казахстан