Мақаншы ауданындағы Бақты ауылындағы жағдай бойынша ақпарат

Мақаншы ауданындағы Бақты ауылындағы жағдай бойынша ақпарат

 Қазіргі уақытта Мақаншы ауданының Бақты ауылында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда : 300-ден астам қаптар төселді, бөгет жағалауы бойымен 400 тоннаға жуық көлемде инертті материалмен үйінді жүргізілді. 

Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) күштер мен құралдар орналасқан. Оқиға орнында ЖАО-дан 40-тан астам адам, жергілікті халықтан 70-ке жуық адам және 18 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр.Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Жағдай бақылауда.


#Абайская область, #талая вода, #Маканчи