Медициналық көмекке жүгінгендер ішінде балалар бар

Медициналық көмекке жүгінгендер ішінде балалар бар

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдемнің 5 бригадасы жіберілді. Қазіргі уақытта медициналық көмекке 6 адам жүгінді, олардың ішінде 3 ересек және 3 бала бар,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 2 ересек және 1 бала медициналық тексеруден бас тартып, оқиға орнынан өз еркімен кетті. Олар қаладағы медициналық ұйымдарға жүгінген жоқ.

Бір науқас бүйрек орталығына жеткізіліп, иіс газынан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.

Сондай-ақ, екі бала өз көлігімен Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта жаңа өтініштер тіркелген жоқ, медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратқа сенбеуге шақырады. ҚР заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуге үндейміз.


#Семей, #пожар, #ДЧС