Семей қаласындағы «Бала Парк» ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Семей қаласындағы «Бала Парк» ойын-сауық орталығынан өрт шықты

2026 жылғы 3 наурызда сағат 19:10 шамасында «102» пультіне Абай облысы, Семей қаласында орналасқан «Бала Парк» балалар ойын-сауық орталығынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметтерінің өкілдері жеткен. Орталыққа келгендер мен қызметкерлер эвакуацияланып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аумақ қоршауға алынған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен жану аумағы анықталып жатыр.

Абай облысы Полиция департаментінің бастығы оқиға орнында болып, барлық қажетті шараларды бақылауға алған. Қазіргі уақытта тұрғындар мен ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылып отыр.

Полиция және өрт сөндіру қызметтері оқиғаның толық себебін анықтап, жағдайды бақылауда ұстап отыр.


#Семей, #пожар, #Абайская область, #Полиция, #дети