Семей тұрғыны суға батып бара жатқан адамды құтқарды
Ертіс жағалауында батылдық пен ержүректіліктің арқасында адам өмірі құтқарылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 03 маусымда "103" қызметінің операторы "Солнечная" саяжай алқабында Ертіс өзеніне шомылмақ болған адамға қауіп төнгені туралы хабар алады. Оқиға орнына келген құтқарушы топ анықтағандай, ер азамат ішімдік ішкен күйде өзенге түскен. Бірден тереңге сүңгіген ол су бетіне қайтып шықпаған. Осы уақытта жақын маңда жүрген Максим Золоторев адамның суға батқанын тез түсініп, батыл әрекетке барады. Суға дереу сүңгіп, батып бара жатқан азаматты жағаға шығарады. Жағада Золоторев жедел жәрдем келгенге дейін азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Максим Золоторев адам өмірін сақтап қалудағы ержүректілігі мен азаматтық борышқа адалдығы үшін ҚР ТЖМ ведомстволық медалімен марапаттауға ұсынылды. 19 қазан - ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында марапатты Абай облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов табыс етті.
#Семей, #Абайская область, #ДЧС, #вода