Семейде ер адам қыз баланы күштеп подъезге кіргізбек болған

Семейде ер адам қыз баланы күштеп подъезге кіргізбек болған

Семейде 7 желтоқсан күніер адам кішкентай қыз баланы подъезге күштеп кіргізбек болған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тұрғындар жарыса жазды. Тіпті видеосын да жүктеп қойған,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Оқиға таңертеңгі сағат 9-дармөлшерінде Қарағайлы ықшамауданында орын алан. Бейнебақылау камерасында ер адамның жасөспірім қыз баланың қарсылығына қарамастан, оны күштеп подъезге кіргізбек болғаны түсіп қалған. Өтіп бара жатқан тұрғын мұны байқап, жағдайға араласады. Содан кейін полиция шақырып келеді. Тек полиция келгеннен кейін ғана, ер адамның қызды жібергені көрінеді.

Көршілерінің айтуынша, 11 жасар қыз бала нан алуға дүкенге шыққан. Сол сәтте қаскөй оған тап берген. Ер адамды көршілері таныған. Учаскелік полиция инспекторы азаматтың мас болғанын және баланы қорқытқанын айтқан. Алайда әлеуметтік желілердегі жазбаларда тұрғындар қаскөйдің ішімдік ішкен адамға ұқсамайтындығын жарыса жазуда. Ресми ақпарат бойынша қазірде ол әрекеті үшін жауапқа тартылып, тергеу изоляторына қамауға алынған.


#Семей, #право, #Полиция