Семейде қатты жел салдарынан бірнеше көлік зардап шеккен

Семейде қатты жел салдарынан бірнеше көлік зардап шеккен

Семейде қатты желдің салдарынан электр желілерінде апаттық жағдайлар орын алды. Сондай-ақ, қатты жел кейбір ғимараттардың шатырын ұшып әкетті. Бірқатар автокөліктерді құлаған талдар басып қалған. 

Дегенмен, жел екпінінің секундына 20 метрге дейін соғуына қарамастан, мектептерде сабақ кейінге шегерілмеген. ТЖБ -нан желдің екпіні туралы ақпарат таңертеңгі сағат 11-де жарияланған.   


#Семей, #ДЧС