Семейде көпірден секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Семейде көпірден секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Семейде көпірдегі оқиғаға байланысты полиция, азаматтық қорғаныс және жедел жәрдем қызметкерлері бірлесе әрекет етті, -деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  3 наурызда 112 шұғыл арнасына көпірден секірмек болған  17 жасар жасөспірімнен қоңырау түсті. Құтқару қызметінің операторы баламен келіссөздер жүргізіп жатқанда,   патрульдік полиция батальонының экипаж қызметкерлері Дамир Ахметқалиев пен Раймбек Есенғалиев  оқиға орнына жеткен. Раймбек  баланы ұстап үлгереді. Жедел жәрдем қызметкерлері де оқиға орнына жетеді.


#Семей, #Полиция, #мост