Семейде құтқарушылар ер адамды аспалы көпір құрылымдарынан түсірді

Семейде құтқарушылар ер адамды аспалы көпір құрылымдарынан түсірді

Қалалық Полиция басқармасының кезекшісіне ер адамның көпірдің аспалы құрылымдарыменжүргені туралы ақпарат түскен. Бұл туралы  Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz АА тілшісі хабарлайды. 

Оқиға орнына құтқару бөлімшелері мен Абай облысы ТЖ департаментінің психологы жеткен. Нәтижесінде 2001 жылы туған ер адамның мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгені анықталды. Ол төмен түсуге көндіруге жауап бермеген. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге түсіріп, психологиялық көмек көрсетілген.