Семейдің жартысы интернетсіз қалды

Семейдің жартысы интернетсіз қалды

12 наурызда Семейдегі "ескі көпір" атанған көпірдің қоршау жақтауы жартылай опрылып түсті, деп хабарлайды abaidan.kz.. Абай облысы ПД-ның мәліметінше, ТЖ салдарынан көпірдегі қозғалыс шектелді. "Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің (ескі көпір) қолайсыз ауа райына байланысты ұзындығы 15 метр болатын қоршау жақтауы жартылай құлады. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатуына байланысты жаяу жүргіншілердің қозғалысы уақытша шектелді", делінген хабарламада.

Семей қаласы әкімдігі апат салдарынан "Қазақтелеком" АҚ-тың оптикалық байланыс желілері зақымданғанын, соның салдарынан қаланың сол жағалауында интернеттің болмай қалғанын хабарлады. Әкімдіктегілер  интернеттің жақын арада қалпына келтірілетінін айтты .


#Семей, #мост