ШҚО-да қасқыр көбейді: адамға шапқан жағдайлар тіркелген
Шығыс Қазақстан облысында қасқырлар санының едәуір өсуі байқалады. Олар тек малға емес, адамдарға да шабуыл жасай бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі. ШҚО-да жыртқыштардың санын азайту бойынша шаралар екі жылдан бері қабылданбағаны айтылады, салдарынан олардың саны едәуір артқан. Бұл мәселемен жергілікті азаматтар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа жүгінген. "Қасқырлар малға шабады, елді мекендердің аумағына кіреді. Сонымен қатар, адамдарға шабуыл жасау жағдайлары тіркелді. Ақсақалдардың айтуынша, ату жұмыстары алғашқы қар жауған кезде және ақпан айында жүргізілуі керек", - делінген басылымда. Мәселені шешу үшін заңнамалық деңгейде жұмыс жүргізу жоспарлануда.