ТЖ вице-министрі Семейде өртенген балалар орталығының қауіпсіздігі неге тексерілмегенін айтты
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев сенат кулуарында Семейдегі балаларға арналған ойын-сауық орталығындағы өрт туралы пікір білдірді, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, BALA PARK ойын-сауық орталығында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен соң өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 5-6 минут ішінде жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.
"Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Тексеру туралы айтар болсақ, бұл нысан жаңа болғандықтан ол жерде әлі тексеру жүргізілген жоқ. Қылмыстық іс қозғалды, ресми себепті анықтау үшін тиісті сараптамаларды күтуіміз керек", - деп түсіндірді ол.
Жалпы, оның айтуынша, мұндай ғимараттар өтініш немесе шағым бойынша тексеріледі.
"Кемшіліктердің сипатына байланысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылады, соның ішінде мекеменің жұмысын тоқтата тұру да бар" - деді Кеген Тұрсынбаев.
Еске сала кетейік, 3 наурызда Семейде балалар ойын-сауық орталығынан өрт шыққанын хабарлағанбыз. 11 адам дәрігер көмегіне жүгінген еді.
#Семей, #пожар, #Абайская область, #ДЧС